$ 491.7  531.28  5.07

Атырауда бір үйдің екі баласы опат болды

Оқыс оқиға 1 тамыз күні Құрманғазы ауылының тұсындағы Жайық өзенінде болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атырау қаласының маңындағы Құрманғазы ауылының тұсында бір отбасының екі баласы Жайық өзеніне батып кетті. Бірінің мүрдесі табылды. Ал, екіншісін іздеу жалғасып жатыр. Жасөспірімдердің бірі 2017 жылы туған ұл бала болса, ал екіншісі 2015 жылы туған қыз бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқыс оқиға 1 тамыз күні Құрманғазы ауылының тұсындағы Жайық өзенінде болған.

"Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 14:53-те хабар түсті. Атырау қаласына таяу орналасқан Құрманғазы ауылынан тұсында екі жасөспірім Жайық өзеніне суға түскен. Екеуі де – бір отбасының баласы. Оның бірі – 2017 жылғы ұл, екіншісі – 2015 жылы туған қыз", – деді Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы.

Өзенге батқан жасөспірімдерді іздестіруге 6 құтқарушы, 3 жүзу құралы тартылды. Департаменттің психологтері екі баласы суға батқан отбасына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

"Түс қайта сағат 16:20-да департаменттің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 7 жасар ұлдың мүрдесін тауып, жағалауға шығарды. Қазір 2015 жылғы қызды іздестіру жалғасып жатыр. Құтқарушыларға полиция департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары көмекке келді", – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары