03.08.2024, 04:30

Сәкен Бибосынов: Ел намысын абыроймен қорғай алмадым

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қателіктер кетті.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.

Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.

Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - дейді Бибосынов. 

Сондай-ақ, боксшы өзіне сенім артқан барша жанкүйерге алғысын айтты.