03.08.2024, 11:30

Біз қолдан келгенше аянбадық – бокстан Қазақстан командасының бас бапкері

Фото: Olympic.kz

Токиода екі қола болсақ, қазір оған да жете алмай қалдық.

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы ширек финал жекпе-жектерін қорытындылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді, аянып қалмады. Бірақ кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болып қалады.

Өкініштісі сол, Париж Олимпиадасы ең нашар ойын болып тұр біздің боксшыларға. Токиода екі қола болсақ, қазір оған да жете алмай қалдық.

Бибосынов пен Досматовтың кездесуіне келер болсақ, менің ойымша, Сәкен жеңді. Бірінші және екінші раундты Сәкенге беруге болады. Ал үшінші раундта 3:2 есебіне біз де, қарсылас та лайық болдық.

Енді біз қолдан келгенше аянбадық. Қалғанын ринг көрсетті", - дейді Айтжанов.