03.08.2024, 12:30

ШҚО-да жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Фото: YK-news.kz

Бала 23 шілдеде серуендеуге шығып, оралмаған. 

2 тамызда Шығыс Қазақстан Шемонаиха ауданындағы Барашки ауылының маңындағы өзенде он күндей бұрын жоғалып кеткен 7 жасар Богданның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, бала 23 шілдеде серуендеуге шығып, оралмаған. Оның киімдері мен аяқ киімдері Ертіс жағалауында "Самал"саябағында табылды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, — деп хабарлады ШҚО ПД.