03.08.2024, 13:30

ХАМАС басшысы Исмаил Хания Қатарда жерленді

Фото: Mehmet Ali Ozcan/Anadolu

Жерлеуге Ислам елдерінен көптеген адам келді.

Иранның астанасы Тегеранда жасалған қастандық нәтижесінде шейіт болған Хамас саяси бюросының төрағасы Исмаил Хания үшін Катардың астанасы Дохада рәсім ұйымдастырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы TRT-ға сілтеме жасап.

Жерлеу рәсіміне Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш, вице-президент Джевдет Йылмаз, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Ұлттық барлау ұйымы басшысы Ибрахим Калын  қатысты.

Хания мен оның күзетшісі Лусейл қаласына жерленді.