03.08.2024, 23:30

«Сәбиді теуіп, жансақтау бөліміне түсірген»: Шымкентте ер адам әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Фото: Facebook/Aigul Orynbek

Оқиға туралы әлеуметтік желіде заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек хабарлады.

Шымкентте тұрғын әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан. Ол сәбиді теуіп, жансақтау бөліміне түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оқиға туралы желілерде заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек мәлімдеді. Айтуынша ол зардап шеккен әйелді ауруханаға жатқызуға көмектескен.

Құқық қорғаушының айтуынша, жанжал кезінде 53 жастағы ер адам жұбайын ұрып-соғып, оны пышақпен қорқытқан. Кейін үш айлық қызын тепкен. Сәби ауруханаға жансақтау бөліміне түскен. Деректерге сүйенсек оның миына қан кеткен.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ведомство.