04.08.2024, 10:30

Париж Олимпиадасы: бүгін сынға түсетін саңлақтар кім

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Ту ұстап шыққан жеңіл атлет Ольга Сафронова және еліміздің басқа да спортшылары 4 тамыздағы жарыс бағдарламасына енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамызда жеті қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен сынға түседі.

Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі төмендегідей:

Нысана көздеу

 12.00 және 16.00 – Никита Чирюкин

Стенд ату

12.30 – Әсем Орынбай

Жеңіл атлетика

13.05 – Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей

13.55 – Ольга Сафронова

14.50 – Давид Ефремов

Бокс

15.52 – Нұрбек Оралбай

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр.