$ 480.63  535.13  5.27

Головкин күміс жүлдегер Нариман Құрбанов туралы пікір білдірді

Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!

Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!", - делінген хатта. 

Еске салайық, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 100
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары