$ 478.96  533.03  5.22

Әлем чемпионы атанған қазақстандық жеңіл атлет Олимпиаданың финалына өтті

Ол мәре сызығын бесінші болып кесіп, ақтық кезеңге жолдама алды.

Фото: esquire.kz
Фото: esquire.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нора Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Ол мәре сызығын бесінші болып кесіп, ақтық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Нора Джеруто – Кения тумасы. Ол 2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр. Спортшы сол жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары