05.08.2024, 02:30

Бес дүркін Олимпиада чемпионы қазақстандықтарға алғыс айтты

Фото: Францияның Астанадағы елшілігі

Чемпионның айтуынша, оған Қазақстанда жаттығуға тамаша мүмкіндік берілген. 

Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы, дзюдошы Тедди Ринер Қазақстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Париждегі Олимпиада қарсаңында ол Қазақстанға екі рет келіп, 2023-2024 жылдары Алматыдағы Дзюдо Академиясында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге жаттыққан.

Чемпионның айтуынша, оған Қазақстанда жаттығуға тамаша мүмкіндік берілген. Сол үшін ол барлық қазақстандықтарға алғыс білдірді.