$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде камераларға адамды бет-жүзі арқылы тану жүйесі енгізілмек

Ол енді бұл жұмысқа жасанды интеллект те қосылатынын жеткізді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда камераларға адамды бет-жүзі арқылы тану жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бас прокурор Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру күшейтілетінін жеткізді. Айтуынша прокурорлар адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау камераларын бақылау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады», – деп жазды Берік Асылов Х парақшасында.  

Оның сөзінше, енді бұл жұмысқа жасанды интеллект те қосылады. 

«Биыл тамыз айынан бастап Алматы мен Атырау қалаларындағы бейнебақылау камераларына біз қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және хабар-ошарсыз кеткендерді автоматты түрде тану бойынша AI элементтері бар IT-әзірлемені қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және хабар-ошарсыз кеткен 2 адам танылды», – деді Бас прокурор.

Ол AI көмегімен камералар арқылы тіпті, сыртқы келбеті қатты өзгерген адамдарды да тануға болатынын жеткізді. Енді барлық өңірлерде камераларға тұлғаны тану жүйесін енгізу тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары