06.08.2024, 14:00

Ермахан Ыбырайымов: Париж Олимпиадасында әлі екі алтыннан үміт бар

Фото: kfb.kz

Әйелдер боксынан Назым Қызайбайдың да чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Париж Олимпиадасынында сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшылардың мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Kazinform-ға берген сұхбаты барысында айтты.

Оның пайымдауынша, жартылай финалға шыққан екі қазақстандық боксшы чемпион атанады.

«1996 жылдан бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді. Токио Олимпиадасын айтпағанда бұған дейінгі сындарда боксшылар чемпион атанды. Парижге тек Қазақстан мен Өзбекстан ғана толық құрамда барды. Алайда екі боксшымыз ғана жартылай финалға жете алды. Десек те, біздің екі алтыннан үмітіміз бар. Соңғы сәтке дейін үміт үзбейміз. Нұрбек Украинаның белгілі боксшысымен шаршы алаңға шығады. Ол спортшы туралы білеміз. Тактика дұрыс қойылса Хижнякты ұтуға болады деп сенемін. Сондай-ақ, әйелдер боксынан Назым Қызайбайдың да чемпион атануға мүмкіндігі бар», – деді Ермахан Ыбырайымов.