Жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:02-де басталады.
Бүгін Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық Ву Юмен сынға түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның қытайлық қарсыласы Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі.
«Келесі қарсыласым мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын», - деген еді Назым Қызайбай.
Жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:02-де басталады.