06.08.2024, 16:20

«Қарақұрт қаптады»: Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланбақ

Фото: Павлодар ТЖД

Мамандар зерттеу жүргізіп жатыр. 

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрт қаптаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 тамызда Баянауыл ауданының әкімі Павлодар облысының табиғи паркі және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына барды.

Зерттеу барысында Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылған.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайды.