Әлеуметтік желіде, сондай-ақ, Салтанат Нүкенова қайтыс болған вип-кабина жұмыс кабинетіне өзгертілгені туралы жазылған.
2023 жылы күзде экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтірген BAU мейрамханасы жаңа атаумен ашылды. Ашылу салтанатында мейрамхана иелерінің шақыртуымен «Ирина Кайратовна» тобы ән салды. Бұл әрекеті үшін топ мүшелері хейтке ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы BAU мейрамханасы жаңа атпен ашылды. Қайғылы жағдайдың орын алғанына 1 жыл да толған жоқ. Дегенмен, мейрамхана иелері оны жаңа атпен сән-салтанатпен ашып отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Келушілерді таң қалдыру үшін, тіпті, танымал «Ирина Кайратовна» тобын шақырған. Дегенмен, жігіттер бұл жолы хейтке ұшырады.
«Шенеуніктермен сөз байласуға көз жұмсақ та, Салтанат Нүкенова өлтірілген жерде ән шырқауға үндемей қала алмаймыз, Жігіттер, Салтанат өлтірілген барда өнер көрсету ұнады ма?, Ақша сасымайды, жігіттер, солай ғой, Ешқашан ИК қызды аяусыз өлтірген барда өнер көрсетеді деп ойламаппын», — деп жазады желі қолданушылары.
Әлеуметтік желіде, сондай-ақ, Салтанат Нүкенова қайтыс болған вип-кабина жұмыс кабинетіне өзгертілгені туралы жазылған.
Еске салайық, Салтанатты өлтіргені үшін мамыр айында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды