$ 494.87  520.65  4.91

Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған қылмыскер Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Қылмыскер 19 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген айыппен, 19 жылға сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтында жарияланды. Істің 8 тамызда қаралатыны ғана белгілі, дегенмен іс материалдары жарияланбаған.

Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген. 

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-бермегені туралы мәлімет жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары