06.08.2024, 18:00

Қазақ жігіті Париж Олимпиадасында рекорд орнатты (ВИДЕО)

Фото: Сали Сабиров

Оның уақыт көрсеткіші – 4.89. 

Бүгін, 6 тамыз күні, Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Әмір Маймұратов қорғауда. Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынауда. 

Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтуде. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады. 

Маймұратов  бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89. 

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын  орнатқан болатын.