07.08.2024, 00:30

Таиландқа демалуға барған 57 жастағы қазақстандық көз жұмды

Фото: Pixabay

Әзірге қосымша ақпарат жоқ.

Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Tengri Travel-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.

Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.