Елде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі қызметі іске қосылды.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Қазақстандықтарға Ұлыбританияның бірқатар қалаларына бармауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан елшілігі елдегі жағдай тұрақтанғанға дейін келмеуді ұсынды.
“Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі аталған елдің бірқатар өңірлеріндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, Манчестер және Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тартуды ұсынады”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта осы қалаларда жүрген Қазақстан азаматтарынан күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз. Сондай-ақ соңғы жаңалықтарды бақылап отыруды және Ұлыбритания үкіметімен байланыста болуды сұрайды.
Қосымша және уақтылы ақпарат алу үшін Ұлыбританияда орналасқан Қазақстанның азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін жедел жәрдем желісі жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін 29 шілде күні Саутпортта би студиясындағы балалар өлімінен кейін Ұлыбританияның бірнеше қаласында тұрғындар наразылыққа еді. Ұлыбританияның бірнеше қаласында тұрғындар наразылыққа шыққан. Кейбір елді мекендерде демонстранттар мен полиция арасында қақтығыстар болған. Салдарынан полиция қызметкерлері жараланған еді.