07.08.2024, 18:20

«Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұраған»: Елордалық әйелге қатысты тергеу аяқталды

Фото: Жоғарғы сот

Әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге бопсалаған Астана тұрғынының ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Биғайдаров, сотқа дейінгі тергеу сотталған Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілгенін еске салды.

"Ол Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген желеумен аса ірі көлемде алаяқтық жасады. Алдау жолымен 100 миллион теңгені алды деп күдіктеліп отыр. Сонымен қатар, күдіктінің ісі аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті ретінде сараланады", – деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары анықталып жатыр. 

"Қазір оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу аяқталды. Іс қаралып жатыр", – деді ол.