Халық журналист спортшыға психологиялық қысым көрсетті деп айыптап, түрлі пікір қалдырып жатыр.
Париж Олимпиадасында қола медаль алған Назым Қызайбайға сұрақ қойған журналист сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кеше Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы бокстан қола медаль алған Назым Қызайбай сұхбат беріп, жылап қалған еді.
Халық журналист спортшыға психологиялық қысым көрсетті деп айыптап, түрлі пікір қалдырып жатыр.
Журналистің "қолаға қанағат етесің бе?" деген сұрағына "Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз" деп жауап беріп, соңында жылап жіберген болатын.
"Тілшілерге сұрақ қоюды үйрету керек!", "Ұтылып келе жатқан адамға сұрақ қою дұрыс емес секілді. Сұрақтары да қисық", "Не сұрақ қолаға шүкір етесің бе деген? Қаншама жыл қола үшін дайындалмады ғой", "Не сұрақ мынау енді?, "Журналист дұрыс сұрақ қойып тұрған жоқ" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.