08.08.2024, 13:20

Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте ТОP-5 қатарына қосылды

Фото: ijf.org

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов ширек финалда топ-5 саналатын Ян Юнвейді, жартылай финалда Франсиско Гарригостан және финалда Лука Мхеидзені жеңді.

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты.

Sports.kz хабарлағандай, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі туралы жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 жолға көтеріліп, қазір бесінші орында тұр.