09.08.2024, 12:40

Астанада жүк көлігі LRT бағанына соғылып, 3 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

8 тамызда Астанада жүк тиелген фура LRT бағанына соғылып, үш жаяу жүргінші зардап шеккен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жол апаты Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орын алған.

«Жүк көлігінің жүргізушісі арнайы техниканы есептей алмай, ЛРТ бағанына соғылды. Жапа шеккен үш жаяу жүргінші жолдың жиегінде тұрған», - деді Астана қаласының полиция департаменті.

Зардап шеккендер ауруханаға түскен. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.