09.08.2024, 13:00

Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса ма?

Фото: ©Olympic.kz / Сали Сабиров

Бірақ бұған дейін Сметов Париж ойындары ол үшін соңғы Олимпиада деген болатын. 

Қазақстандық балуан Елдос Сметов келесі Олимпиада ойындарына қатысы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазір 31 жастамын, жуырда 32-ге келемін. Келесі Олимпиадада 36 жаста болады екенмін. Егер мүмкіндік туып жатса, неге қатысып көрмеске? Осындай шешімге келдік", - дейді спортшы Instagram желісіндегі стористе. 

Алайда бұған дейін Елдос Сметов Париж ойындары соңғы Олимпиадам деген болатын.