$ 478.93  534.96  5.16

«Темір адам»: Қазақстандық балуан америкалық жұлдыздарды алып күшімен тамсандырды (ВИДЕО)

Америка таланттар шоуы әлемге танымал бағдарлама.

Фото: Сергей Цырульниковтың жеке мұрағатынан
Фото: Сергей Цырульниковтың жеке мұрағатынан

Қазақстандық күш сынасу экстримінің спортшысы Сергей Цырульников АҚШ-тағы таланттар шоуына (America got Talent) қатысып, америкалықтарды таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Достар менің американдық культтік шоудағы эпизодымның бір бөлігін тамашалаңыздар.  Өздерінің тәртібі бойынша шығарылымның аз ғана бөлігін көрсетті. Өкінішті, әрине. Билік мәдениеті сондай. Алайда мен қазылар алқасының көңілінен шығып, бәрінен "иә" деген белгі алдым", - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Сергей Цырульников – танымал қазақстандық спортшы, қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы, темірді саз балшықша илейтін алып. Ол 7 рет Қазақстан, 5 рет әлем рекордын жаңартқан. Оның есімі Гиннес рекордтар кітабына енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары