Дзюдодан ұлттық құраманың көшбасшысы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы алтын сыйлады.
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ еліне дзюдодан тарихи алтын сыйлаған Елдос Сметовті сынап, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол спортшыға елдің алдында жүргендіктен, жастардың санасын дінмен "уламайуға" шақырды.
"Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: "Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін" деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!
Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!
Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!
Спортшысың ба? Жаттықтыр!", - деп жазды ол.