09.08.2024, 18:00

«Қазақ боксына реформа жүргізіледі»: Федерация президенті күрделі өзгерістер туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: Бокс федерациясы

Айта кетейік, Қазақстан соңғы екі Олимпиада ойындарында алтын медаль алмаған. 

ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Парижде тілшілерге берген сұхбатында еліміздің бокс саласына реформа қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі», - деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында.