$ 494.87  520.65  4.91

FlyArystan-ға 3,6 млн теңге айыппұл салынды

Жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған әрі оларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.

Фото: qaztag.kz
Фото: qaztag.kz

Жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы – Астана бағыты бойынша әуе рейсі кешіктірілген. Осыдан кейін әуе компаниясы өзіне тиісті міндеттерді орындамаған: жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған әрі оларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабы 2-бөлігі бойынша FlyArystan әуекомпаниясының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 692 мың теңге (1 мың АЕК, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары