Жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған әрі оларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.
Жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы – Астана бағыты бойынша әуе рейсі кешіктірілген. Осыдан кейін әуе компаниясы өзіне тиісті міндеттерді орындамаған: жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған әрі оларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабы 2-бөлігі бойынша FlyArystan әуекомпаниясының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 692 мың теңге (1 мың АЕК, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.