Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) Абай есімді 232 адам тұрады.
Ертең Абай Құнанбайұлының туған күні! Ұлы ойшылдың құрметіне аталған қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынамыз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады. Ғұлама есімі берілгендердің ең көп саны Түркістан облысында – 2 050 адам, одан кейін Астана – 2 021 адам және Алматы қаласы – 1 639 адам.
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам.
Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) Абай есімді 232 адам тұрады.
Егер жасы бойынша қарасақ, 18 жасқа дейінгі 4 166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6 241 адам бар.