$ 494.87  520.65  4.91

Париж Олимпиадасында Димаштың орындауындағы ән шырқалды

Әрбір шығарылым Борянаның өмір тарихының үзіндісі, оның спорттағы ұзақ мансабындағы жеңістері мен қиындықтарын баяндаудан тұрады.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Қазіргі кезде Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан болгар спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en distresse» композициясына гимнастикалық ұршықтармен өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
Фото: dimashnews.com

Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Боряна Калейн Франциядағы Олимпиада ойындарындағы бағдарламасын инновациялық музыкалық сүйемелдеумен барлық төрт жаттығу бір сюжеттік желіге жинақталған – біреуінің соңы екіншісінің басымен жалғасатындай ұсынады. Әрбір шығарылым Борянаның өмір тарихының үзіндісі, оның спорттағы ұзақ мансабындағы жеңістері мен қиындықтарын баяндаудан тұрады.

Барлық төрт жаттығудың бағдарламасы бір оқиға желісінде орындалады – әрбір жаттығудың соңғы позасы келесісінің бастапқы позасы болып табылады. Ал, бір нөмірдің музыкасының соңғы аккорды келесі орындауды органикалық түрде бастайды. Гимнастикалық ұршықтармен жаттығу бағдарламасы әр спортшының жолындағы болмай қоймайтын сәтсіздіктер мен қиындықтар туралы, қайсарлық, жігер мен сенімнің арқасында жеңіске жету жолындағы күмәндер мен тәжірибелер туралы баяндайды.

Борянаның ішкі сезім тартыстары Димаштың музыкасымен, даусымен және әннің сөзімен керемет үйлесім табады. Ал Димаштың аталмыш «SOS d’un terrien en distresse» шығармасында адамзат: “Менің істеп жатқан ісім күш салуға тұрарлық іс пе? Осы өмір күресінде табыс пен жеңіске жете аламын ба? – деген сұрақтардың жауабын іздегендей күй кешеді. Бұл таңдалған композиция арқылы спортшының мансабында барлық қиындықтар мен күмәндарды күш пен жігердің арқасында жеңіп шығу процесін тамаша көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары