Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына жеткен кезде екі адамның өлімін тіркеді.
Самара — Шымкент тасжолының Дөң ауылы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға бүгін сағат 6:00–де шамасында Хромтау ауданы Дөң кентінің маңында болды.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы бақилық болды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, барлық қажетті сараптама жүргізіліп жатыр.
"Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына жеткен кезде екі адамның өлімін тіркеді. Үш адам Хромтау қаласына жеткізілді. Оларды кезекші хирург дәрігер қарап, амбураторлы түрде ем қабылдауға жіберді. Тағы екі адам дәрігерге қаралмады", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.