10.08.2024, 17:30

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғай алмаған Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатыспақ

Фото: instagram.com/kazhenov.aslan

Жарыс 13 тамызда өтеді. 

Таяуда ғана Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмаған Елене Рыбакина енді АҚШ-тағы турнирге қатыспақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады…

Қазақстандық Елена Рыбакина Цинцинатти WTA 1000 турниріне дайындығын бастап кетті. Қазір оның кордттағы видеолары кеңінен тарап жатыр. Жарыстың өзі 13-ші тамызда өтеді. Яғни, олимпиада біткеннен кейін бірден аталмыш бәсеке басталады”, - деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында.