Бұл күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 11-12 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
"11 және 12 тамызда республиканың солтүстік-батысында, 10 тамызда орталықта, 11 тамызда шығыста, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі республика бойынша күтілуде", деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде.
"Күндіз республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +15+25°С, шығыста және орталықта – +17+28° дейін", деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұл ретте еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз +35+38°С қарқынды ыстық сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°C болады.