$ 479.38  531.63  5.27

Түркістанда жүргізуші жарақат алып, көлігі толығымен жанып кетті

Тілсіз жау 230 шаршы метр аумаққа шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, қазіргі өрттің себебі анықталып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгін Түркістан облысында шөп тиелген жүк көлігі мен шөп жиналған қора жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ресми мәліметке сәйкес, Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті. Тұрғындар өрт сөндіру қызметіне кеш хабар берді.

Тұрғындар өртті өз бетінше сөндіруге тырысқандықтан, әр секунды маңызды уақытты жоғалтып, өртке төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана хабарлама жіберген. Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, өртті толығымен сөндірді. Бірақ өрттің салдарынан жүргізуші қолын күйдіріп, көлік толығымен жойылған, - дейді құтқарушылар.

Ал Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында жеке тұрған шаруашылық құрылыстың шатыры мен 7 тонна жиылған шөп жанып кетті. Өрт сөндірушілер 25 шақырым шалғай жерге жылдам жетуге тырысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары