12.08.2024, 15:20

Демеу Жадыраев бапкерімен билеп, халықтың ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

"Брейк-данстан да барса орын алады екен ғой".

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері балуан Демеу Жадыраев бапкері Боранбек Қоңыратовпен билеп, көптің көңілін көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұстазы мен шәкіртінің билеген сәті түсірілген видео желіде тарады.

Кейіннен бұл ешқандай би емес, Боранбек Қоңыратовтың кезінде шәкіртіне дене қыздыру үшін арнайы дайындаған жаттығуы екені белгілі болды. Сол уақыттағы шақты еске алып, бапкері мен шәкірті осы жаттығуды қайталады.

"Қалай билесе де жарасады", "Негізі өте жақсы жаттығу, пайдасы көп", "Жарайсың, баса бер", "Шедевр", "Брейк-данстан да барса орын алады екен ғой", "Бұл би емес, жаттығу" десті видеоны көрген көпшілік.