$ 478.93  534.96  5.16

Олимпиадада 9-орын алған спортшыға Астанада пәтер сыйлады

Бұған дейін үстел теннисінен қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді.

Фото: CMN
Фото: CMN

Қазақстан үстел теннисі федерациясы спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйлады. Федерация хабарлағандай, спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кирилл Герасименко Париждегі Олимпиада ойындарында 9-орын алды. Бұған дейін үстел теннисінен қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді. Сондай-ақ Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-ге көтерілді.

Бұл біздің спорт үшін тарихи оқиға. Турнир бойы Кирилл ерік-жігерін, нағыз кәсіби шеберлігін көрсетті. Ол қазақстандық үстел теннисі шеберлерінің әлемнің ең мықты спортшыларымен лайықты бәсекеге түсе алатынын көрсетті. Оның нәтижесі Қазақстан үстел теннисі тарихында жаңа тарауды ашады. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның еңбегін бағалап, марапаттауды ұйғардық, - деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Кирилл Париж Олимпиадасындағы алғашқы ойынында Чили елінің өкілі Николас Бургоспен шеберлік байқасып, 4 сетте де басым түскен еді. Кейін ол 1/16 финалда германиялық теннисші Данк Кьюды жеңген болатын. 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассарға жол берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары