Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл 8 тамызда Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды.
«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.