Өрт кезінде куәгерлер балкон арқылы жанып жатқан пәтерге кірген ер адамды видеоға түсірген.
Елордалық өрт сөндіруші өрттен 15 жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған.
«3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Өрт кезінде куәгерлер балкон арқылы жанып жатқан пәтерге кірген ер адамды видеоға түсірген. Ол 15 жасар қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырған.