$ 494.87  520.65  4.91

Семейде мешітте намаз оқып отырған қыз соққыға жығылған (ВИДЕО)

Полиция істі тоқтатты. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде мешітте намаз оқып жатқан қызға шабуыл жасалған видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосын журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram парақшасында жариялады. Видеодағы жағдайдың Семей қаласында болғаны анықталды. Кадрлардан әйелдің мешітте намаз оқып отырған қызға шабуыл жасап, тепкілеп жатқанын көруге болады. 

“Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп соғып кетіпті! Бұл недеген бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе не болғанымыз?”, – делінген видеоның жазбасында.

Оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл дерек облыстық полиция департаментінің Семей қалалық Әуезов ПБ-на тіркелді. Әйелден шағымы жоқ болғандықтан, одан әрі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен қарсы арыз түсті", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары