13.08.2024, 10:20

Ақмола облысында жеткіншек жұмбақ жағдайда көз жұмды

Фото: Pixabay

Баланың мәйітін тапқанда оның үстінен жанармайдың иісі шығып тұрған.

Бұланды ауданында жасөспірім денесін күйік шалып қайтыс болды. Жеткіншектің денесін әкесі тауып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдайдың қалай болғаны жайлы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі, бала мотоциклін өзі жөндемек болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

“Баланың мәйітін тапқанда оның үстінен жанармайдың иісі шығып тұрған. Сондай-ақ оның денесін, екі қолы мен бетін күйік шалған. Мотоцикл өртенгенде ол шұңқырға құлап кеткен болуы керек”, – деп жазды nayzakokshe Instaram парақшасы.

Ақмола облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.