$ 494.87  520.65  4.91

Астанада «полицейлер мүгедектігі бар жігітті ұстаған» деген ақпарат тарады (ВИДЕО)

Мүгедектер арбасындағы балаға қандай қауіп төндіруі мүмкін? 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әлеуметтік желіде арбаға таңылған жігітті полиция ұстап алғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Неге алып бара жатырсыздар? Мұндай адамнан қандай қауіп бар? Мүгедектер арбасындағы балаға қандай қауіп төндіруі мүмкін? Біз қарсыласпадық қой. Бүгін 8 тамыз», – дейді видеодағы әйел.

 Желіде тараған видеодан кейін, Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Астана полиция департаменті мүгедек арбадағы жігіттің ұсталмағанын хабарлады.

«Қылмыстық істің нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғыны «Есіл» аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді, сол уақытта әйел өзімен бірге қасында жүрген екі баласын бірге алып жүруді сұрады. Балаларының бірінің ерекше қажеттілігі бар», – деп түсіндірді департамент.

Түсіндірме жұмыстарынан соң әйел үйіне жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары