$ 494.87  520.65  4.91

Журналист: Елдос Сметов айналасындағылардан сақтанып жүрсін!

Бекзатты да кезінде сақтай алмадық емес пе?! Ырду-дырдуға араластырып. Жол апатына түскенінде бір адам көрмей қалғаны жаныңды ауыртады. Қайда қаптаған шұбырған жанашырлары?

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің ел ішінде жүріп-тұруы туралы әңгіме қозғады. Оның айтуынша, Елдосқа той-томалаққа баруды доғару керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Олимпиада чемпионының араласатын ортасы дұрыс болуы керек деген пікірде.

«Міне! Сыннан нәтиже шықты! Қандай әп-әдемі болды. 15 жасқа жасарып кетті. Менің де миссиям осы! Енді жүрегіне Қазаққа деген патриоттығын оятсын! Жанындағылар бұл жігітті құртып жатқан. Ортасын тезірек дұрыстау керек. Чемпионымыздың дұрыс жолмен жүргенін мен де қалаймын. Сосын бұл жігітті той-томалаққа апара беруді доғару керек. Хабиб ең алғаш жеңіспен оралғанында, әкесі бірден Америкаға алып кетті. Неге дейсіз бе? Себебі оларда да біздер секілді той-томалақпен есін тандырады. Баласының келешегін ойлаған ақылды әке, дереу елінен жыраққа апарды. Ол жаққа барып білім алды, тіл үйренді, сөйлеу мәнеріне дейін жұмыс жасады. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер.

Бүгінде Хабибты әлем таниды. Миллиондағандардың кумирі. Ал Елдос келесі Олимпиадаға барамын деді. Ендеше, қазірден бастап өзін қолға алсын! Тіл үйренсін, айналасындағылардан сақтанып жүрсін!

Бекзатты да кезінде сақтай алмадық емес пе?! Ырду-дырдуға араластырып. Жол апатына түскенінде бір адам көрмей қалғаны жаныңды ауыртады. Қайда қаптаған шұбырған жанашырлары?

Жүрегімде Қазағыма деген ұлттық жанашырлығым басым болғаннан соң, әр Батырымыздан Қазағымның рухты исін сезгім келеді. Айтпағым осы, ағайын?!

PS: шетелде демалып жатқанмын. Сол баяғы оқырмандарым: «Мына чемпионымыз алтын әкелді деп қуансақ, келе салысымен той-томалақта уағызын айтып кетті. Бұрында да айтатын. Ол кезде мән бермедік. Елдер ашулы. Сіздің даусыңыз қатты шығады ғой. Қолға алыңызшы?!» деп шырылдап жазды. Мені әр пабликке (уағыз айтқан бейнероликтеріне белгіледі) тэгтеді. Әлеуметтік желін ақтарып шықсаңыздар, масқара бейнежазбалар өте көп дінді айтып отырған. Оқысын намазын. Әйтсе де, өзі үшін.

Кімнің жанында жүргенін барлығын қарап шықтым да, сосын сынымды жаздым.Бар болғаны «Қазақ бол! Әке-шеше — басымыздағы алтын тәж» дедім. Бейнероликті постарымнан көре аласыздар. Сындарымды оқи аласыздар. Әр Қазағымның патриот болғанын мен де қалаймын. Егер де спортшыларымыз теріс ағымға өтіп кетсе, құрыдық дей беріңіздер. Себебі, атқа қонатын батырларымыздың жүрегі елім-жерім деп жалындап тұру керек. Әгәрәки, ел басына күн туса — мына мен емес, солар атқа қонатын. Қыздар тек тілекші. Ал бойында рухы жоқ жігіттер елім деп шырылдамайды», – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары