Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бүгін Шиелі ауданында екі көлік соғысып, салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызылорда облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.