14.08.2024, 10:20

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, қайтыс болды

Фото: видеодан кадр

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. 

Абай облысының орталығы Семей қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Аталған факті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 13 тамызда сағат 21.28-де Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында болған. ППБ командирінің орынбасары Самар Әміреновтің айтуынша, жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.