14.08.2024, 11:20

«Прокурор айналаны бүлдіріп жүр»: Желіде көшеде мас күйде жүрген шенеуніктің видеосы тарады

Фото: видеодан алынған

Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұят қой. 

Әлеуметтік желіде мас прокурордың видеосы тарады. Бұл туралы желі қолданушысы Айболат Бөкенов жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның мәліметіне сүйнесек, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде қала көшелерін кезіп жүрген.

«Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев осылай тұр. Видеода көргендеріңіздей өз өзіне ие бола алмай қалған секілді. Қоршаған ортаны қорғайтын прокурордың өзі қоршаған ортаны бүлдіріп жүрсе айтарға сөз жоқ. Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұят қой.  Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, Қазақстанның заңнамасын елемейтінін көрсетеді. Прокурор бірнеше рет заңды бұзды. Бұл әрекеті оның құзыреті мен этикасына қатысты күрделі сұрақтар туғызады», – деп жазды Бөкенов.

Сондай-ақ ол «ҚР-ның Бас прокуроры Берік Асылов мырза, мына БҚО прокурорына жаза қолданып, жұмысынан босатуыңыз тиіс» деп жазды.

Бұл ретте, БҚО прокуратурасы Абылай Бисқалиевке қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.