$ 494.87  520.65  4.91

«Мәйіттерді шұңқырға көмген»: 90-жылдары адам өлтіріп, банда басшысы болған кісі сотталды

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Тергеумен К.-ға ҚК-нің кісі өлтіру және бандитизм (96-баптың 2-бөлігі «В, Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі «Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі “А, Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі “Ж, Н” тармағы, 237-баптың  1 бөлігі (1997 ж. редакциясы) бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Жоғарғы соттың мәліметінше, К. 1998 жылы қылмыстық келісім бойынша және пайдакүнемдік мақсатта азаматтарға қарулы шабуыл жасау және заңсыз баю мақсатында тұрақты қылмыстық топтың әрекетін ұйымдастырған және белсене қатысқан.

Бұл ұйымдасқан қарулы топ, оның ішінде К.-ның басшылығымен ұзақ уақыт бойы әрқайсысына рөлдерді бөліп, әзірленген жоспар бойынша бірнеше рет топтық шабуылдар жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған.

Бір жыл ішінде (1998-1999 жж.) Қ.-ның басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыстар жасаған.

Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген.

К.жалған құжатты пайдаланып,  тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Тек 2024 жылдың қаңтарында ұсталған.

Айыпталған қылмыстар бойынша сотталушының кінәсі, оның ішінде 5 адамды өлтіргені, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкіммен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімі

Сот К.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1 бөлімі, 96-баптың 2 бөлімі “А, Ж, З, Н”тармақтары (1997 ж. редакциясы) - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, бұрын адам өлтірген адам,  пайдакүнемдік ниетпен ұйымдасқан топпен оған басшылық жасау, заңсыз қасақана екі адамның өліміне әкеп соқтыру бойынша саралады.

Қылмыстарды жасаудағы, оларды қаруды және билік өкілінің нысанды киімін қолдана отырып жасаудағы ерекше белсенді рөл жазаны ауырлататын мән-жайлар және жаза деп танылды. Жұмсартатындар - жоқ.

Қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес, егер адам аса ауыр қылмыс жасаған күннен бастап 15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді.

Сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін емес деп тапса, сот 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.

Осы заң талаптарын негізге ала отырып, сот мынадай шешім шығарды.

Сотталушы ҚК-нің 237-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «А, Ж, З, Н» тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары