$ 494.87  520.65  4.91

16 тамызда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па?

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты пікір білдірді.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұл туралы Telegram арналардың бірінде жазылған болатын. Онда «16 тамыз күні сағат 04:00-де ірі жер сілкінісі болатыны туралы айтылған. Ақпаратты Stopfake.kz сайты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тіпті, Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты пікір білдірді.

«Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да. Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері «112 KZ» телеграм-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары