#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Елімізде ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы өсті

Бұл туралы ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі мәлім етті. 

Фото: canva
Фото: canva

2022 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуде оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырып, студенттермен қатар еліміздің білім беру жүйесінде педагог та басты тұлғаға айналуға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. 

Мәселен, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақы мөлшері 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары