Видео журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала.
Желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.
"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар.
Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.